Әлем чемпионаты: Тағы бір боксшы қызымыз ширек финалға өтті
11.03.2025 23:36
Фото:
Спортты дамыту дирекциясы
Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында тағы бір спортшымыз ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
66 келі салмақ дәрежесіндегі боксшы қызымыз Жасмин Кизатова Париж Олимпиадасының қатысушысы, Кабо-Верде өкілі Ивануса Морейраны жеңді. 2-раундта жерлесіміз қарсыласын нокдаунға жіберіп үлгерді. Есеп - 5:0.
Ұлттық құрама спортшысының 1/4 финалдағы қарсыласы - ресейлік Альбина Молдажанова.Жекпе жек 13 наурызда өтеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

