Әлем чемпионаты: қазақстандық боксшы қоржынға төртінші алтынды салды
05.12.2023 09:20
Фото:
Видеодан кадр
Қазақстандық боксшы Нұрасыл Төлебек жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Чемпионат Армения астанасы Ереванда өтті. 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында қазақстандық спортшы үнді Джатинмен кездесті.
Төрешілер шешімімен жерлесіміз жеңіске жетті - 4:1.
Осылайша Нұрасыл қоржынға әлем чемпионатының төртінші алтынын салды. Бұған дейін қыздарымыз үш алтын медальге иелік етті: Аяжан Сыдық (54 кг), Толғанай Қасымхан (60 кг) және Айсұлу Мұхит (66 кг).
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

