Қазақстан бокс федерациясы

Әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы он бірінші жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық боксшы Ертуған Зейнуллинов Дубайда IBA ұйымдастырып жатқан әлем чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

63,5 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшымыз Моңғолия өкілі Даваадалай Алтангэрэлді соққының астына алып, төрешілердің ортақ шешімімен жеңді.

Сонымен қатар 7 желтоқсанда Оразбек Асылқұлов Кабо-Верде спортшысы Элизандру Саншеш да Силваны 5:0 есебімен ұтып, ел намысын абыроймен қорғады.

Енді кезек 71 келідегі Абылайхан Жүсіповке келеді. Оның қарсыласы – армениялық Арарат Арутюнян.