Әлем чемпионаты: Қазақстан мен Өзбекстан боксшысы өзара жұдырықтасады
Дубайда өтіп жатқан 2025 жылғы IBA әлем чемпионатында бүгін ұлттық құраманың алты спортшысы 1/8 финалдық кезеңде шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстандық боксшылардың жекпе-жек кестесі мынадай:
18:30, 54 кг: Сәкен Бибосынов – Факи Исса Факи (Танзания)
19:45, 63,5 кг: Ертуған Зейнуллинов – Хосе Мануэль Агуйре Круз (IBA-PRO)
20:15, 86 кг: Дәулет Төлемісов – Акмалжон Исроилов (Өзбекстан)
22:30, 51 кг: Даниял Сәбит – Леник Фернандес (Кабо-Верде)
23:00, 57 кг: Оразбек Асылқұлов – Мукело Дламини (Эсватини)
00:45, 71 кг: Абылайхан Жүсіпов – Александр Родионов (Беларусь)
Бұған дейін Қазақстан сапынан бес боксшы ширек финалға жолдама алған болатын. Олар – Теміртас Жүсіпов (48 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Санатәлі Төлтаев (67 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг) және Нұрлан Сапарбай (92+ кг).
Ал Ерасыл Жақпеков (80 кг) пен Нурмагамед Юсупов (92 кг) жарыс жолын 1/8 финалда аяқтады.

