Әлем чемпионаты: Нұрбек Оралбай ширек финалға шықты
09.09.2025 21:25
Фото:
ҚР ҰОК
Ерлер құрамасының өкілі Нұрбек Оралбай бокстан Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстандық боксшы 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатыр.
Нұрбек Оралбай бұл кезеңде Қытай елінің өкілі Тоқтарбек Таңатханмен кездесті. Үш раунд бойы қарсыласына мүмкіндік бермеген Нұрбек Оралбай төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) әлем біріншілігінің ширек финалына өтті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

