Әлем чемпионаты: Испания - Германия матчының тікелей трансляциясы
Төрт матчты Qazsport және Qazaqstan телеарналары тікелей эфирде көрсетеді
Фото: prosports.kz
Фото: prosports.kz
27.11.2022 12:00
1530
2022 жылы Катарда өтетін футболдан әлем чемпионатында 27 қараша мен 28 қарашаға қараған түні төрт ойын өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Астана уақытымен сағат 16:00-де Жапония - Коста-Рика, 19:00-де Бельгия - Марокко матчтары басталады. Екі ойында да Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Сағат 22:00-де «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарында Хорватия - Канада матчының тікелей трансляциясы ұсынады.
Қарашаның 27-нен 28-іне қараған түні сағат 01:00-де Испания-Германия кездесуі басталады. Бұл суперматчты да екі телеарна – Qazaqstan және Qazsport көрсетеді.

Алдыңғы жаңалық
Чех сарапшылары Қазақстандағы Президенттік сайлау жайлы
Келесі жаңалық
Қазақстандық гимнаст Әлем кубогының кезеңінде топ жарды