instagram.com/kazwrestling_official

Әлем чемпионаты: еркін күрес шеберлері алғашқы жүлдеге ие болды

03.08.2025 04:25

Дінмұхаммед Қасымбек күрес түрлерінен 17 жасқа дейінгілер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына қола медаль салды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл – еркін күрес шеберлерінің еншісіндегі алғашқы медаль.  

80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандық балуан қола жүлде үшін күресте молдовалық қарсыласы Иван Паслариді 5:4 есебімен жеңді. Белдесу өте тартысты өткенімен, Қасымбек кездесудің соңғы жағында жеңісті жұлып алды. Төрешілер қазақстандық спортшының қолын көтерді.