Әлем чемпионаты: Елдана Тәліпова қола жүлдегер атанды
12.09.2025 23:54
Фото:
ҰОК баспасөз қызметі
Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Елдана Тәліпова бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ҰОК мәліметінше, бұрымды боксшымыз 80 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады. Елдана Тәліпова жартылай финалда Польша елінің өкілі Агата Качмарскамен жұдырықтасты.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша польшалық боксшы финалға өтті. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі қола жүлде бар. Бұған дейін Виктория Графеева (60 келіге дейін) үшінші орын алған еді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

