Әлем чемпионаты: Бүгін шаршы алаңға Сырымбетов көтеріледі
03.05.2023 09:41
Фото:
kfb.kz
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін шаршы алаңға қазақ боксшыларынан біреуі шығады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Астана уақытымен сағат 15:00-де күндізге сессия басталады. Отандық боксшылардан 60 келіге дейін салмақтағы Талғат Сырымбетов көтеріледі. Ол Иордания боксшысы Мохамед Әбу-Джаджехпен жолығады. Қарсыласы Азия чемпионы атанған боксшы.
Талғат бұған дейін таиландтық Сакда Руамтхамадан басым түскен.
Айта кетейік, әлем біріншілігі 14 мамырға дейін жалғасады. Қазақстан боксшылары 13 салмақ бойынша бақ сынап жатыр. Әлем чемпионатында топ жарған боксшыға 200 мың доллар беріледі. Сонымен қатар Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев 100 мың доллар бөлуге уәде етті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

