Әлем чемпионаты: Боксшы Наталья Богданова алғашқы кездесуде жеңіске жетті
Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Наталья Богданова Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатын жеңіспен бастады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың 1/8 финалында сәтті өнер көрсетті. Наталья Богданова бұл кезеңде үндістандық Санамача Чокчоммен қолғап түйістірді. Жерлесіміз қарсыласын алғашқы раундтан-ақ қыспаққа алып, нокдаунға жіберді.
Жекпе-жектің соңына дейін басымдығын сақтап қалған қазақстандық былғары қолғап шебері 5:0 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға жолдама алып отыр.
Бүгінгі күндізгі сессияда Махмұд Сабырхан (55 кг) мен Нұрбек Оралбай (80 кг) алғашқы кездесуде жеңіске жетті. Сондай-ақ, Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Карина Ибрагимова (57 кг) Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында қарсыласынан басым түсті.
Сондай-ақ, кеше ерледен Төрехан Сабырхан (70 кг) мен Бейбарыс Жексен (60 кг) табысты өнер көрсетті.

