El.kz

Әлем чемпионаты: боксшы Даниял Сәбит қарсыласының адымын аштырмады

9 желтоқсанда Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатында рингке шыққан Даниял Сәбит қарсыласын айқын басымдықпен жеңді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

1/8 финалда 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Кабо-Верде боксшысы Леник Фернандесті 5:0 есебімен ұтып, келесі кезеңге жолдама алды.

Бұған дейін 54 келіде Сәкен Бибосынов танзаниялық Факи Исса Факиді еш қиындықсыз жеңсе, 63,5 келі салмақта өнер көрсеткен Ертуған Зейнуллинов IBA-PRO лигасының боксшысы Хосе Мануэль Агуйре Крузды айқын басымдықпен ұтты.

Ал 8 желтоқсан күні Теміртас Жүсіпов (48 кг), Серік Теміржанов (60 кг), Санатәлі Төлтаев (67 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг) және Нұрлан Сапарбай (92+ кг) 1/8 финалдық бәсекелерінде жеңісіне қол жеткізді.

Ал Ерасыл Жақпеков (80 кг), Дәулет Төлемісов (86 кг) және Нурмагамед Юсупов (92 кг) өздерінің чемпионаттағы жорығын дәл осы кезеңде аяқтады.