Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль үшін күреседі, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Отандасымыз 60 келі салмақ дәрежесінің жартылай финалында Амиран Шавадземен (Грузия) кездесті. Сұлтанғали белдесу барысында 1:2 есебімен ұтылып жатқан еді. Дегенмен белдесудің соңына қарай екі тиімді әдіс қолданып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 8:2.
Өкінішке қарай, 72 келіде белдескен Мерей Мәулетханов финалға шығар жолда француз балуанына жол берді. Енді ол әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі.
Сондай-ақ, бүгін 77 келіде Демеу Жадыраев әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін Венгрия спортшысымен кездеседі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

