Әлем чемпионаты: Алуа Балқыбекова әлем чемпионатының финалына шықты
13.09.2025 23:05
Фото:
ҰОК баспасөз қызметі
Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұрымды боксшымыз 51 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр. Алуа 1/2 финалда қытайлық Ци Синьюймен жұдырықтасты.
Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Тіпті екінші кезеңде қарсыласын нокдаунға жіберді. Нәтижесінде Алуа Балқыбекова төрешілердің шешімімен басым түсті.
Бұған дейін Санжар Тәшкенбай (50 кг) мен Назым Қызайбай күндізгі сессияда шаршы алаңға шығып, финалға өтті. Сондай-ақ, кеше түнде Айбек Оралбай мен Аида Әбікеева да жартылай финалда жеңіске жетті. Сондай-ақ, 55 келіде Махмұд Сабырхан да жартылай финалда басымдық танытып, финалға жолдама алды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

