Әлем чемпионаты: Аида Әбікеева жартылай финалға өтті
11.09.2025 00:10
Фото:
Бокс федерациясы
Қазақстандық Аида Әбікеева бокстан Ливерпульдегі әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақ спортшысы 65 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр. Ол ширек финалда Олимпиада чемпионы, түркиялық Бусеназ Сюрменелимен кездесті. Отандасымыз алғашқы раундтан-ақ қарсыласын тығырыққа тіреді. Нәтижесінде төрешілердің шешімі бойынша 5:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша Аида Әбікеева (65 келіге дейін) кем дегенде әлем чемпионатының қола медаль иегері атанды.
Келесі жекпе-жек 12 қыркүйекте өтеді. Қарсыласы - Грэйн Мари Уалшпен (Ирландия).
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

