ВВС/Видеодан алынған кадр

Алексей Навальныймен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

Мәскеуде Алексей Навальныймен қоштасуға жүздеген адам жиналды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный 16 ақпан күні «Полярный волк» түрмесінде қайтыс болды. Ал оны жерлеу рәсімі бүгін, 1 наурызда, өтеді.

Саясаткермен қоштасу рәсімін бірнеше телеарна тікелей эфирден беріп жатыр.

Ал Навальный жерленеді делінген Борисов зиратын таңнан бері полиция күзетіп тұр.