Алексей Навальный тағы 30 жылға сотталады
Фото: Еuronews.com
Фото: Еuronews.com
26.04.2023 17:25
772
Алексей Навальный оған қатысты экстремизм туралы істен терроризм туралы бап бойынша жаңа іс қозғалғанын мәлімдеді. Бұл туралы оппозициялық саясаткер Басман сотының отырысында бейнебайланыс арқылы айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап.
Олар маған қисынға келмейтін тағы бір айып тағып, 30 жылға соттамақшы. Тергеуші Видюков кеше бұл істен [экстремизм туралы] түрмеде отырып террористік актілер ұйымдастырды деген бөлек іс ашылатынын айтты. Яғни мені енді әскери сот бөлек соттайды, - деді Навальный.
Саясаткер "бұл іс бойынша 30 жыл шамасында, басқа айыптарды ескерсе, өмір бойына бас бостандығынан айырылуы" мүмкін екенін айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты