Жаңалықтар

Алексей Луценко Қазақстанға бесінші алтын сыйлады

Алексей Луценко Қазақстанға бесінші алтын сыйлады
Фото: © ҰОК 03.10.2023 13:40 1086

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында велоспорттан Алексей Луценко чемпион атанды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Тас жолдағы веложарыста сынға түскен Қазақстан құрамасының көшбашысы 48:05:75 уақыт көрсеткішімен Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың алтынын еншіледі.
 
Алексей 2014 жылы Инчхонда және 2018 жылы Джакартада жеңімпаз атанған еді. Сөйтіп, Азия ойындарының үш дүркін чемпионы болды.

Бұл Қазақстан құрамасының осы Азия ойындарындағы бесінші алтыны.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға