Александр Усик Төрехан Сабырханның боксы ұнағанын айтты
22.09.2025 09:49
Фото:
©El.kz коллажы
Суперауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Ливерпульде өткен World Boxing әлем біріншілігінің құрметті қонағы болды. Әсіресе Усикке қазақстандық Төрехан Сабырхан мен ағылшын Одел Камара арасындағы жартылай финалдық айқас ерекше ұнаған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Александрдың айтуынша, ол арнайы Төрехан туралы Қазақстан ҰОК президенті әрі World Boxing ұйымының Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкиннен сұраған.
70 келіде жұдырықтасқан қазақ жігітін байқадым. Геннадиймен сөйлесіп едім, жасы 18-де екенін айтты (редакция - 19 жасқа толған). Қарсыласы британиялық болды. Өте жақсы жекпе-жек болды! – дейді Усик.
19 жастағы Төрехан қазақстандық бокс тарихындағы ең жас әлем чемпионы атанды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

