Ұлттық банк

Александр Македонскийдің коллекциялық монеталары сатылымға шығады

26.07.2025 13:54

Қазақстан Ұлттық банкі 2025 жылғы 29 шілдеден бастап «Ұлы қолбасшылар» сериясынан шығарылған ALEXANDER THE GREAT коллекциялық монеталарының сатылымға шығатынын ресми мәлім етті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Сатып алушылар монетаны ҚҰБ-тың интернет-дүкені kazcoins.nationalbank.kz арқылы онлайн түрде сатып ала алады.

Коллекциялық бұйымдар мына сипаттамаларға ие:

Метал құрамы: 925 сынамды күміс
Массасы: 31,1 грамм
Диаметрі: 38,61 мм
Дайындау сапасы: proof
Номиналы: 1 000 теңге
Таралымы: 2 000 дана ғана

Монеталар Қазақстан теңге сарайында әзірленген.