Александр Бублик тұңғыш рет АТР 500 турнирінің жартылай финалына шықты
23.06.2023 22:04
Фото:
Қазақстан теннис федерациясы
Әлемнің 48-ші, Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Германияның Галле қаласында өтіп жатқан АТР 500 сериялы турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Ширек финалда ол әлемнің тоғызыншы ракеткасы Янник Синнермен ойнады. Екінші сетте жарақатына байланысты италиялық теннисші матчты тоқтатуға мәжбүр болды. Ол кезде есепте Александр алда келе жатқан – 7:5, 2:0.
Галледегі турнирдің жартылай финалында қазақстандық Александр Зверев (Германия) — Николас Джаррим (Чили) жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Бублик ATP турнирінің жартылай финалына соңғы рет 2023 жылдың ақпанында Марсельдшықты. Өкінішке қарай, финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде поляк Губерт Харкачқа жол берді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

