Жаңалықтар

Александр Бублик Мадрид ATP 1000 турнирінің төртінші айналымына өтті

Александр Бублик Мадрид ATP 1000 турнирінің төртінші айналымына өтті
Фото: Қазақстан теннис федерациясы 29.04.2024 19:38 702

Александр Бублик Мадрид (Испания) ATP 1000 турнирінің төртінші айналымына өтті. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы, 21 жастағы америкалық Бен Шелтонмен шеберлік таластырды. 

Бірінші партияда Шелтон 2:0 есебімен алға шығып, сол басымдылығын сақтап қалды – 6:3. Әлдеқайда тартысты өрбіген екінші сет тай-брейкке ұласып, онда Бублик бет қаратпады – 7:6 (7:2).

Үшінші, шешуші партияда есеп 1:1 болған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай алды. Ақыры матчқа доп бергенде, өз мүмкіндігін жіберген жоқ – 6:4.

Екі сағат 10 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Бублик 8 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың біреуін ғана өз есебіне жазды.

Александр Бублик ширек финалға шығу үшін әлемнің 4-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведев немесе рейтингіде 26-орындағы тағы бір америкалық Себастьян Корданың қай жеңгенімен кездеседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға