Александр Бублик Гштаадтағы турнирдің жартылай финалына өтті
18.07.2025 21:00
Фото:
Теннис федерациясы
Әлемнің 34-ракеткасы Александр Бублик Швейцарияның Гштаад қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қазақстандық теннисші 1/4 финалда аргентиналық Франсиско Комесаньяны 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Ойын 1 сағат 11 минутқа созылды.
Гштаадтағы турнирдің жартылай финалында Александр Бублик Жером Ким мен Артур Казо арасындағы кездесудің жеңімпазымен кездеседі.

