Александр Бублик Германиядағы турнирдің ширек финалына шықты
23.06.2023 06:36
Фото:
ktf.kz
Қазақстанның бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бублик Халледе (Германия) өтіп жатқан ATP 500 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жерлесіміз екінші айналымда әлемнің 21-ракеткасы германиялық Ян-Леннард Штруффты 6:3, 6:7 (4:7), 6:3 есебімен ұтты.
Бұл матч 2 сағат 16 минутқа созылды.
Қазақстандық теннисші матч кезінде 23 рет эйс жасап, 14 брейк-пойнттың төртеуін сәтті жүзеге асырды.
Александр Бублик ширек финалда әлемнің 9-ракеткасы 21 жастағы италиялық теннисші Янник Синнермен бақ сынасады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

