Александр Бублик Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
31.01.2025 01:11
582
Қазақстандық теннисші Александр Бублик Францияның Монпелье қаласында өтіп жатқан ATP 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1/8 финалда қазақстандық Германия спортшысы Доминик Кёпфермен кездесті. Нәтижесінде Александр 6:4, 6:2 есебімен жеңді.
Александр Бублик бес эйс жасап, үш брейк-пойнттың біреуін сәтті пайдаланып, бірде-бір қос қате жіберген жоқ.
Айта кетейік, қазақстандық теннисші аталмыш турнирдің қазіргі чемпионы. Және осы жылы да сол атақты қорғап қалуға ниетті.
Александр Бубликтің келесі қарсыласы Маттие Белуччи (Италия) және Александр Ковачевич (АҚШ) арасындағы кездесуден кейін анықталады.

Келесі жаңалық
Тұман, көктайғақ: 23 ақпанға арналған ауа райы болжамы