Olympic.kz

Александр Бублик АҚШ турнирінде әлемнің бірінші ракеткасымен кездеседі

Қазақстандық теннисші Александр Бублик АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан US Open-2025 турнирінің төртінші кезеңіне өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

ҰОК мәліметінше, отандасымыз үшінші айналымда америкалық Томми Полдан басым түсті. Кездесу нәтижесінде 7:6 (7:5), 6:7 (4:7), 6:3, 6:7 (5:7), 6:1 есебі тіркелді. 

Тартысты ойын 3 сағат 40 минутқа созылып, Бублик 21 эйс жасап, 12 қос қателік жіберді және сегіз брейк-пойнттың үшеуін пайдалана алды. 

Енді 1/8 финалда қазақстандық спортшы әлемнің бірінші ракеткасы италиялық Янник Синнермен кездеседі.