Жаңалықтар

Александр Бублик әлемдік рейтингте 27-орынға көтерілді

Александр Бублик әлемдік рейтингте 27-орынға көтерілді
Фото: Olympic.kz 25.06.2023 22:47 909

Галле (Германия) ATP 500 турнирінің чемпионы атанған Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик әлемдік рейтингте рекордтық көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

А. Бублик қазіргі кезде ATP Live рейтингісінде 1 344 ұпаймен 48-ден бірден 27-орынға көтеріліп тұр.

Осылайша, алдағы дүйсенбіде жаңартылатын ATP рейтингісінде Александр Бублик ресми түрде әлемнің 27-ракеткасы атанады. Бұл қазақстандық теннисші үшін рекордтық нәтиже болмақ. Ол өткен жыл басында әлемдік рейтингте 30-орынға дейін жоғарылаған еді.

Сонымен қатар, А. Бублик Галледегі жеңісі арқасында 500 рейтингтік ұпайға ие болумен қатар 410 515 еуро табыс тапты. Бұл да оның ең қомақты табысы болып есептеледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға