Жаңалықтар

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: baq.kz 23.03.2023 13:06 785

«Қазгидромет» РМК 23-25 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, алдағы 3 тәулікте күн жауын-шашынсыз болады.

Қазақстан аумағының басым бөлігі бұрынғысынша антициклонның ықпалында болады, күн ашық және бір қалыпты жылы ауа райы сақталады. Тек солтүстікте және солтүстік-батыста 23 наурызда оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында циклон ойпатының әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, – деп хабарлады синоптиктер.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға