Жаңалықтар

Алдағы үш күнде қарлы боран мен көктайғақ күтілуде

Алдағы үш күнде қарлы боран мен көктайғақ күтілуде
Фото: © El.kz 20.11.2023 15:21 1162

Синоптиктер 21-23 қарашада Қазақстанда ауа райы туралы айтты,  деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі белсенді циклонның ықпалында болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады. Қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) 22 қарашада батыста, солтүстік-батыста, 22-23 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста болады деп күтіледі. Республика бойынша 15-28 м/с жел күшейеді, солтүстік жартысында қарлы боран, көктайғақ болуы мүмкін, - делінген хабраламада.

Кезеңнің аяғына қарай еліміздің батысында ауа температурасының 2-12 аязға дейін төмендеуі күтіледі, республиканың шығысында түнде температураның 8-13 аяздан 0-5 жылуға дейін көтеріледі.

Еліміздің қалған аумағында температуралық фонда айтарлықтай ауытқулар болмайды.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға