Синоптиктер 27-29 шілде күндері Қазақстанда қандай ауа райы болатынын болжады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, 27 шілдеде оңтүстік-шығыста, 27-28 шілдеде батыста, оңтүстік-батыста, 28-29 шілдеде республиканың солтүстік-батысында өте қатты ыстық, яғни +40+43 градус аптап болады.
Алдағы тәуліктерде атмосфералық бөліктердің өтуі әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, екпінді жел соғады. 28 шілдеде солтүстікте, 28-29 шілдеде шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Сонымен қатар бұрқасын соғады деп болжанды, - делінген хабарламада.
Биылғы жаз Қазақстанның көптеген өңірлеріне көптен бері болмаған аптап ыстықты әкелді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

