Жаңалықтар

Алдағы уақытта су мәселесі ушығып кетуі мүмкін – президент

Алдағы уақытта су мәселесі ушығып кетуі мүмкін – президент
Фото: Pixabay.com 29.03.2023 10:59 918

Мемлекет басышысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі су қауіпсіздігі мәселесін қамтамасыз ету керектігін айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпараттық агенттігі.


«Тағы бір мәселе – су қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл – стратегиялық маңызы бар міндет. Алдағы уақытта су мәселесі ушығып кетуі мүмкін. Сол себепті, бізге оның алдын алу қажет. Қазір Үкімет Су кодексінің жаңа жобасын әзірлеп жатыр", деді президент.

Мемлекет басшысы су ресурстарын тиімді басқаруға және оларды қорғауға баса назар аудару керектігін  айтты. Ол осы бағытта ғылыми ұстанымды, инновацияны, халықаралық озық тәжірибені басшылыққа алуды ұсынды.

"Біздің елде судың 65 пайызы ауыл шаруашылығы саласына жұмсалады. Соның 60 пайызға жуығы құмға сіңіп кетеді. Мұндай ысырапшылдыққа жол беруге болмайды.Жаңа тариф саясатына көшу қажет. Оны дереу қолға алмасақ, ахуал одан әрі күрделене түсетіні анық",  деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға