Жаңалықтар

Алдағы мереке күндеріне ауа райы болжамы жасалды

Алдағы мереке күндеріне ауа райы болжамы жасалды
Фото: ©pixabay.com 20.03.2024 13:19 1104

«Қазгидромет» РМК мамандары алдағы мереке күндері ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктер Наурыз мейрамында Қазақстанның ауа-райы екі түрлі барикалық алқап қалыптастырады деп отыр. Еліміздің батысы мен солтүстігіне антициклон жотасы әсер етеді. Жауын-шашын болмайды, түнде -10-18 градус аяз болуы ықтимал. Бірақ күндіз термометр бағандары нөлден жоғарылайды.

Республиканың орталық, оңтүстік және шығыс аймақтары циклонның ықпалында болады, ол ылғалдың көп мөлшерімен шығыс бағытқа жылжиды, соған орай жаңбыр жауады. Кей аймақтарда қатты жел тұрып, қар жаууы мүмкін. Республика бойынша тұман мен көктайғақ болжанып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға