Жаңалықтар

Алдағы күндері ыстықтың беті қайтады

Алдағы күндері ыстықтың беті қайтады
Фото: ©pixabay.com 17.06.2024 17:52 307

«Казгидромет» РМК мамандары алдағы күндері тұрақсыз ауа райы күтілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Атмосфералық фронттардың өтуімен таяу күндері Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр, найзағай және екпінді жел болады, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, орталықта бұршақ жауады. Қатты жаңбыр 18 маусымда шығыста, орталықта, 19 маусымда оңтүстік-шығыста күтіледі. Оңтүстікте жауын-шашын болмайды.

Күндізгі температура еліміздің батысында біртіндеп +28 + 40°С дейін төмендейді, еліміздің солтүстігінде +20+28°С-тан +25+31°С-қа дейін жоғарылайды, орталықта +20+33°С, оңтүстікте +30+41°С, оңтүстік-шығыста +24 + 35°С-тан +22+32°С-қа дейін аздап төмендейді, ал шығыста +12+28°С-қа дейін төмендеуі болжанады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға