Жаңалықтар

Алдағы күндері Қазақстанда 2 градусқа дейін аяз болады

Алдағы күндері Қазақстанда 2 градусқа дейін аяз болады
Фото: El.kz 14.06.2023 15:42 657

«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанда 15-17 маусым күндері ауа райы қандай болатынын жариялады, хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен жаңбыр жауып, найзағай түсіп, жел күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қысым күшейеді, ауа температурасының түнде 2-10 градусқа дейін қысқа мерзімді төмендеуі, жер қабатында 2 градусқа дейін аяз болады. Күндіз ауа температурасы 20-28-ден 25-32 градусқа дейін ыстық болады, — делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға