Жаңалықтар

Алдағы күндері қар жауады

Алдағы күндері қар жауады
Фото: ©pixabay.com 22.05.2024 16:16 9958

Синоптиктер алдағы күндері күн суытатынын болжады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады. Атмосфералық фронттарға байланысты елдің барлық дерлік аймағында найзағай ойнап, бұршақ, жаңбыр жауады, жел соғады.

24-25 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 25 мамырда Қазақстанның орталығында жауын-шашын, соңы қарға ұласатын жаңбыр, кейде қатты жауын-шашын күтіледі. Тек кейбір күндері батыс және оңтүстік аймақтарда жоғары қысым әсерінен жаңбыр басылады.

Республиканың батыс, солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарында Скандинавия түбегінен ауысқан жоғары қысымға байланысты түнгі және таңертеңгі уақыттарда 3 градусқа дейін аяз болады, күндіз солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда 5-13 температураға дейін төмендейді деп күтіледі. Сонымен қатар, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында оңтүстік-батыс ағынына байланысты температура 20-30 градус жылыға дейін көтеріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға