Жаңалықтар

Алдағы күндері ауа температурасы төмендейді

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мәлім етті
Алдағы күндері ауа температурасы төмендейді
Фото: El.kz 19.12.2022 15:41 1298

Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың 20-22 желтоқсанына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталмақ.

Синоптиктердің болжауынша, қар жауып, боран соғады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады.

Суық арктикалық ауа массаларының әсерінен республиканың барлық дерлік аумағында ауа температурасының төмендеуі күтіледі, солтүстік-батыста, солтүстікте, республика орталығында 15-28 аяз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға