Жаңалықтар

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Фото: pixabay.com 31.03.2023 20:33 977

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы ауқымды солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Күндіз салқын ауа массалары біртіндеп жылынады. Тек республиканың батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстары белсенді фронтальды учаскелері бар оңтүстік циклонының ықпалында болып, күн құбылып тұрады, найзағай жарқылдап, қатты жауын жауады, - делінген синоптиктер хабарламасында.

Болжам бойынша, Қазақстанда желдің жылдамдығы секундына 15-25 м дейін күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 1-6 градус аяз болады.

Батыста және солтүстік-батыста ауа температурасы күндіз 13-20 градусқа дейін, солтүстікте 7-15 градусқа дейін, республика орталығында 10-20 градусқа дейін, шығыста - 0-10 градусқа дейін біртіндеп көтерілуі болжанып отыр. Оңтүстік-шығыста 5-18 градус жылы болады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға