«Қазгидромет» РМК 24-26 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Синоптиктер болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райын әлі де болса кең солтүстік-батыс антициклон анықтайтындықтан, алдағы күндері жауын-шашынсыз, ашық ауа райы болады.
«Тек республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейеді», - делінген хабарламада.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда тұман түседі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Үшарал-Достық» жолында қар құрсауынан 9 адам құтқарылды