Алдағы күндері ауа райы қандай болады
EL.KZ Информационно-познавательный портал
18.01.2023 20:39
Фото:
El.kz
Қазгидромет 19-21 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, солтүстік-батыс кең антициклон Қазақстанның синоптикалық жағдайына әлі де өз әсерін сақтап, ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек елдің шығысында, солтүстік-шығысында қар жауады.
Температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейді. Түнде және таңертең аяз сақталады, бірақ күндіз күн жылына бастайды.

