pixabay.com

Алдағы күндері ауа райы қандай болады

15.01.2025 17:49

"Қазгидромет" 16, 17 және 18 қаңтарда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Метеорологтар мәліметінше, қысқа үзілістен кейін Қазақстан аумағына кезекті Атлантикалық циклон жылжып келеді. Ол өзімен жауын-шашын әкеледі: батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде, ал қалған аймақтарда қар түрінде жауады. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс таулы аймақтарында жауын-шашын болуы мүмкін.

Желдің күшеюі, боран, көктайғақ, кей жерлерде тұман күтіледі. Тек температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер күтілмейді, – деді синоптиктер.