Жаңалықтар

Алдағы күндері -43 градусқа дейін аяз болады

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады
Алдағы күндері -43 градусқа дейін аяз болады
Фото: baq.kz 09.01.2023 12:56 2316

Қазгидромет елімізде 10-12 қаңтар күндері қандай ауа райы болатынына болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Суық арктикалық ауамен толтырылған Солтүстік антициклоны Қазақстан аумағы арқылы оңтүстік өңірлерге қарай жылжуын жалғастырып жатыр. Осыған байланысты қатты аяз еліміздің көп бөлігінде сақталады, - делінген хабарламада.

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады. 

- ауа температурасы батыста түнде 27-35, күндіз 15-25 аяз;

- республиканың оңтүстік-батысында түнде 12-23, күндіз 5-15 аяз;

- солтүстік-батыста және солтүстікте түнде 32-40 аяздан 20-30 аязға дейін, күндіз 27-35 аяздан 13-22-аязға дейін;

- орталықта негізгі фон түнде 35-40, өңірдің оңтүстігінде 25-30 аяз, күндіз 20-30 аяздан 15-26 аязға дейін;

- шығыста ауа температурасы түнде 20-33 аяздан 30-43 аязға дейін, күндіз 15-23 аяздан 23-33 аязға дейін;

- оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде 10-20 аяздан 20-31 аязға дейін, күндіз 8-16 аяздан 12-23 аязға дейін төмендейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға