Синоптиктер Қазақстанда 13, 14 және 15 маусымда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін; 13-15 маусымда шығыс пен орталықта, 14 маусымда елдің солтүстігі мен оңтүстік-шығысында нөсер жауады деп күтіледі.
Елдің батысында күндіз ауа температурасы +33...+40 градус ыстыққа дейін көтерілсе, елдің солтүстігінде, орталығында +20...+28-ден +25...+30 градусқа дейін, оңтүстікте +27...+35-тен +30...+40 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +22...+30-дан +25...+35 градусқа дейін, шығыста +22...+30-дан +20...+28 градусқа дейін шамалы төмендейді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

