Алдағы күндері 28 градусқа дейін аяз болады
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz
21.11.2022 12:25
1169
Қазгидромет синоптиктері 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде барикалық түзілістердің жылдам өзгеруі мен атмосфералық процестердің шиеленісуі салдарынан Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар аралас жаңбыр жауады. 22-24 қарашада Республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 23 қарашада шығыста қалың қар жауады.
"Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ, тұман болады. Солтүстікте, шығыста және орталықта - қарлы боран болып, түнде ауа температурасы 17-28 градусқа дейін төмендейді", - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бір жылда дәрі-дәрмек бағасы 17% өскен