Жаңалықтар

Алдағы күндері 20 градусқа дейін күн жылынады

Алдағы күндері 20 градусқа дейін күн жылынады
Фото: © Pixabay.com 06.03.2024 16:17 1258

Синоптиктер Қазақстанның оңтүстігінде алдағы үш тәулікте 20 градусқа дейін жылынатынын айтады, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп болжанған.

9 наурызда оңтүстікте, күндіз Қазақстанның оңтүстік-шығысында толассыз жаңбыр жауады. Республика бойынша желдің күшеюі, батыста, солтүстікте және орталықта тұман болады деп болжанған.

Сонымен қатар, республиканың батыс облыстарында күндіз термометр бағаны 0-8 жылуға дейін, солтүстікте -4 градус аяздан -1 градусқа көтеріледі, оңтүстікте – 10-20 жылуға дейін көтеріледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға