Жаңалықтар

Алдағы күндері 2 градусқа дейін үсік жүреді

Алдағы күндері 2 градусқа дейін үсік жүреді
Фото: pixabay.com 20.09.2024 15:17 583

Синоптиктер Қазақстанда 21, 22 және 23 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Метеорологтар мәліметінше, алдағы демалыс күндері батыс пен оңтүстікте найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

22 қыркүйектен бастап Скандинавия аймақтарынан антициклонның екпіні елдің батысына тарай бастайды, бұл жауын-шашынның тоқтауына әкеледі. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман күтіледі, батыста, солтүстік-батыста және республика орталығында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік күтіледі.

Ауа температурасы күндіз республиканың батысында +20...+25-тен +15...+20, солтүстікте +17...+22-ден +8...+18 градусқа дейін төмендейді деп күтіледі, қалған аумақта күрт өзгерістер күтілмейді", - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға