Алдағы демалыс күндері тұман түсіп, жел күшейеді
Фото: El.kz
Фото: El.kz
17.02.2023 16:36
1001
Қазгидромет синоптиктері 18-20 ақпан аралығындағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Батыс циклон және атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.
Қар жауады, республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады деп болжанып отыр.
18 ақпанда Жамбыл, Алматы, Жетісу облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.
Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Еліміздің оңтүстік жартысында – көктайғақ, солтүстік жартысында – жаяу бұрқасын соғады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға