Жаңалықтар

Алдағы аптада қандай спорттық іс-шаралар өтеді

Алдағы аптада қандай спорттық іс-шаралар өтеді
Фото: Туризм және спорт министрлігі 10.11.2024 14:43 601

Туризм және спорт министрлігі 11-17 қараша аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кетесін жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

9-12 қараша – Асық атудан ересектер арасындағы командалық Әлем кубогі. Жарысқа Қазақстан құрамасының 40 спортшысы қатысады.

Өтетін орны: Түркия, Анкара қаласы.

9-13 қараша – Допты хоккейден ересектер арасындағы ҚР кубогі Турнирде еліміздің 15 өңірінен 115 спортшысы бақ сынайды.

Өтетін орны: Өскемен қаласы.

9-16 қараша – Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты. Жаһандық жарысқа әлемнің әр түкпірінен 100 спортшы қатысады.

Өтетін орны: Түркия, Анкара қаласы.

10-16 қараша – Пара пауэрлифтингтен ҚР чемпионаты. Ел біріншілігінде 17 өңірден 100 спортшы өнер көрсетеді.

Өтетін орны: Алматы қаласы.

10-17 қараша – Белбеу күресінен әлем чемпионаты (барлық жас санаты бойынша)
Татарстанның Қазан қаласындағы әлем біріншілігінде 30 елдің 700 спортшысы белдеседі. Қазақстан құрамасы сапынан 100 палуан қатысады.

Өтетін орны: Ресей, Қазан қаласы.

13-17 қараша – Джиу-джитсу халықаралық Abu Dhabi World Professional Jiu-Jitsu Championship турнирі. Халықаралық жарысқа әлемнің 10 елінен 500 спортшы қатысады. Ел намысын 28 спортшы қорғайды.

Өтетін орны: БАӘ, Абу-Даби қаласы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға