31 наурыз – 6 сәуір аралығында өтетін спорттық іс-шаралар кестесі жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі
31 наурыз – 2 сәуір: Гір көтеруден жастар мен жасөспірімдер арасындағы ел чемпионаты Жарысқа 16 өңірден 130 спортшы қатысады. Өтетін орны: Астана қаласы.
1-7 сәуір: Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогі кезеңі Бұл турнирде ел намысын 3 спортшы қорғайды. Өтетін орны: Айроло қаласы, Швейцария.
1-7 сәуір: Грэпплингтен Қазақстан кубогі Турнирде еліміздің 20 өңірінен келген 1000 спортшы бақ сынайды. Өтетін орны: Астана қаласы.
1-8 сәуір: Суға секіруден Poland Diving Cup турнирі Халықаралық жарысқа Қазақстан құрамасынан 5 спортшы қатысады. Өтетін орны: Жешув қаласы, Польша.
1-11 сәуір: Стенд атудан Әлем кубогі Кубок жолындағы бәсекеде 9 отандасымыз сынға түседі. Өтетін орны: Буэнос-Айрес қаласы, Аргентина.
3-7 сәуір: Таэквондодан Сербия ашық чемпионаты Турнирге Қазақстан құрамасының 9 спортшысы қатысады. Өтетін орны: Белград қаласы, Сербия.
5-6 сәуір: Кекушинкай каратэ-додан ел чемпионаты Жарыста 15 өңірден 250 спортшы өнер көрсетеді. Өтетін орны: Ақтөбе қаласы.
5-6 сәуір: Пара таэквондодан Қазақстан кубогі Турнирге 12 өңірден 49 спортшы қатысады. Өтетін орны: Шымкент қаласы.
5-7 сәуір: Теңге ілуден II Азия кубогі Сары құрлық додасында Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Татарстан, Түрікменстан, Өзбекстаннан келген 20-дан астам спортшы бақ сынайды. Өтетін орны: Шымкент қаласы.