Алдағы 2 күнде республика бойынша температура төмендейді - Қазгидромет
15.05.2023 17:30
Фото:
© Pixabay.com
«Қазгидромет» синоптиктері 16-18 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Екі-үш күнде жаңбыр жауады, найзағай жарқылдап, бұршақ түседі.
16-17 мамырда оңтүстік-батыста, 16-18 мамырда солтүстік-батыста және оңтүстікте, 17-18 мамыр орталықта, 18 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болады деп болжанып отыр.
Сондай-ақ республика бойынша жел екпіні күшейеді.
Республика бойынша температура төмендейді. Түнде еліміздің солтүстік жартысында 3 градусқа дейін үсік болады.
Күндізгі уақытта еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы 13-18 градус жылыға дейін, еліміздің қалған бөлігінде 15-23 градус жылыға дейін төмендейді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

