Жаңалықтар

Алдағы тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы болады

Бұл туралы синоптиктер мәлімдеді
Алдағы тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы болады
Фото: pixabay.com 10.08.2022 11:33 895

Синоптиктер республика бойынша 11-13 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды,– деп хабарлайды El.kz.

Солтүстік-батыс антициклон жотасы республиканың батыс, солтүстік-батыс жартысына әсер етеді, сондықтан алдағы тәулікте жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Елдің солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік бөлігіне жауын-шашынның түсуіне ықпал ететін оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттар әсер етеді, елдің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады. Күн күркірейді, бұршақ жаууы мүмкін, қатты жел тұрады. 

Ауа температурасының негізгі аясы күндіз: батыста +30 +38°С, солтүстік-батыста +23 +35°С, солтүстікте +20 +28°С, орталықта +23 +33°С, шығыста +18 +28°С, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста +23 +35°С шегінде, таулы аудандарда +13 +20°С.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға