Жаңалықтар

Алдағы үш күнде ауа-райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 29, 30 қыркүйек және 1 қазанға ауа-райы болжамын ұсынды
Алдағы үш күнде ауа-райы қандай болады?
Фото: 24.kz 29.09.2022 13:26 981

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 29, 30 қыркүйек және 1 қазан күндері Астана, Алматы, Шымкент қалаларында қандай ауа райы болатынын айтты, деп хабарлайды El.kz

29 қыркүйек күні Астанада көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік бағыттағы жел 2-7 м/с, түнде ауа температурасы -3...-5°C, күндіз +2...+4°C.

30 қыркүйекте елордада көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз болады. Шығыстан соққан жел 3-8 м/с дейін жетіп, түнде ауа температурасы -3...-5°C, күндіз +3...+5°C.

1 қазан күні бас қаламызда көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз өтеді. Шығыстан 5-10 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде ауа температурасы -4...-6°C, күндіз +4...+6°C.

29 қыркүйек күні Алматы қаласында көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз болады. Жел 2-7 м/с, түнде ауа температурасы + 9...+ 11°C, күндіз +18...+20°C.

30 қыркүйекте көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Жел 2-7 м/с, түнде ауа температурасы + 8...+ 10°C, күндіз +14...+16°C.

1 қазанда көшпелі бұлт шығады, кейде жаңбыр жауады. Жел 2-7 м/с, түнде ауа температурасы + 6...+ 8°C, күндіз +10...+12°C.

29 қыркүйекте Шымкент шаһарында көшпелі бұлт шығады, күн жауын-шашынсыз өтеді. Шығыстан соққан жел 8-13 м/с дейін жетеді, түнде ауа температурасы +7...+ 9°C, күндіз +24...+26°C.

30 қыркүйек күні көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады, түнде ауа температурасы +10...+ 12°C, күндіз +21...+23°C.

1 қазанда көшпелі бұлт шығады, күн ашық болады. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады, түнде ауа температурасы +8...+ 10°C, күндіз +20...+22°C.






Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға